•  Компания туралы 

    Сәлем! Мен – I'M мейрамханалар желісімін, менің әрбір мекемем – қонақ өзіне шағын мейрам жасай алатын жер. Бүгін мен Қазақстандағы 24 мейрамхананы ұсынамын олардың ішінде 11 I’MCafé мен 1 СОО-дағы I’MCafé бірегей аралы бар. Мен күн сайын мыңдаған қонақты қарсы аламын, оларға дәмді тағам, жайлы атмосфера ұсынып, қамқорлық танытамын. 

    Менің мейрамханаларым бәріне қолжетімді – әр адам, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі қонақтар жайлы ортада менің тағамдарымнан рахаттанып дәм татуы үшін жағдай жасадым. Менде балалар бөлмелері, ыңғайлы жеткізу мен Table service бар. Мен дайындаудың барлық кезеңдерінде бақылау үшін HACCP жүйесін қолдана отырып, әрдайым ең жоғары сапа стандарттарын сақтаймын. 

  •  I'M мейрамханалары Food Solutions KZ заңды тұлғасының басқаруында және Қазақстанның 6 қаласында ұсынылған. 

    Бүгінгі таңда 24 мейрамхана, 11 I’MCafé және бір I’MCafé аралы ашық. 

    Мен күн сайын 10 мыңнан астам қонаққа қызмет көрсетемін. 

    Менің командамда 1 500 астам қызметкер жұмыс істейді. 

     

    Мен сервистің жоғары стандарттарын сақтай отырып және біздің қоғамға жағдай жасай отырып, өсіп, дамуды жалғастырып келемін. Менің мақсатым – әр адам қуанышқа себеп таба алатын орын жасау, сондықтан мен күн сайын Сіздер үшін жұмыс істеймін. 

  • I'M брендінің тарихы 

    Менің тарихым 2016 жылы Қазақстанда, халықаралық желінің бір бөлігі болған кезде басталды және қазір халықаралық стандарттары бар жергілікті бренд ретінде дамуымды жалғастырып жатырмын. Мен Food Solutions KZ заңды тұлғасына жергілікті бренд ретінде ресімделдім. 

    Мен ағаш отырғызу және мекемелерімнің айналасын абаттандыру сияқты экологиялық және әлеуметтік жобаларға белсенді қатысамын. 

    Мен үнемі даму үстіндемін және күн сайын қонақтарыма жайлылық, қамқорлық пен шағын мереке сыйлау үшін жұмыс істеп келемін. 

  • Менің миссиям 

    Әркімге қолжетімді дәмді мерекелер ұйымдастыру. 

    Менің мейрамханаларым елдің бірқатар қаласында ыңғайлы орналасқандықтан, олардың көбі тәулік бойы жұмыс істейтін болғандықтан және қолжетімді ұсыныстардың үлкен ассортиментінің арқасында әр адам өзіне шағын мереке сыйлай алады және мерекенің себебі өзі екенін сезіне алады. 

  • I'M брендінің құндылықтары 

    Құндылықтар – менің сенімімде. Олар менің бағдарым, соның арқасында «ШАҒЫН МЕРЕКЕЛЕРДІ ӘРКІМГЕ ҚОЛЖЕТІМДІ ЕТУ» миссиясы абстрактілі сөздердің жиынтығы ғана болып қалмай, барған сайын қонақтарды қуантып, жүзеге асып жатады. 


    - Адамдарға арналған бизнес

    - Барлығына ашықтық

    - Адалдық пен әдептілік

    - Жақын адамдарға қамқорлық

    - I'M Family

  • Мен қатаң сапа стандарттарын ұстанамын және менің ашық асүйлерім қонақтарға пісіру процесін көруге мүмкіндік береді. Мен қонақжайлылық атмосферасын жасаймын, онда әркім өзін менің отбасымның бір бөлігіндей сезінеді. Мен жанымдағылардың қамын да ойлаймын, өйткені I’M-де әрдайым қонақтарға және олардың жайлылығына басты назар аударылады.